Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны дамытуды тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға және шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі қаралды.