Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгінге, яғни 4 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15–20 м/с, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15–20 м/с.
Түнде Алматы облысының тау бөктерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарында аздап жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман болуы мүмкін.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Өскеменде 4 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман басады. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с жетеді. Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні 15-18 м/с болмақ.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Петропавлда 4 қыркүйекте күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман басады. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.