Жыл басынан бері Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған 370 жүргізушінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Олардың қатарында жеңіл және жүк көліктерін, мотоциклдер мен электросамокаттарды басқарған азаматтар да бар.
Абай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бауыржан Омаровтың айтуынша, жүргізушінің бір сәттік жауапсыздығы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
– Масаң күйде көлік басқару – жауапкершілігі жоғары жүргізуші үшін жол беруге болмайтын әрекет. Көлік тізгініндегі адамның бір сәттік жауапсыздығы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Сондықтан полиция қызметкерлері мұндай құқықбұзушылықтардың жолын кесіп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді, – деді Бауыржан Омаров.
Абай облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және масаң күйде көлік басқару фактілерінің алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.