Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 24 ақпан 1976 жылы Қаратұрық ауылы Алматы облысы дүниеге келді. Ол 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын және 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.

Сұлтанғазиев еңбек жолын 1997 жылғы шілдеден бастап  салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызметін бастады.

2002 жылғы тамыздан 2006 жылғы шілдеге дейін ол Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы болса, бұдан кейін, 2007 жылғы ақпанға дейін ол Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болды.

2007 жылғы ақпан мен 2008 жылғы шілде аралығында Сұлтанғазиев Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық аудиті басқармасының бастығы бола тұрды да, бұдан кейін, 2010 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары болды.

2010 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы қазанға дейін Астанада Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры болған,  кейін  2012 жылғы қарашаға дейін Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры,

2012 жылғы қарашадан 2013 жылғы шілдеге дейін ол Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, 2013 жылғы шілдеден 2014 жылғы қарашаға дейін ол Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі («А» корпусы) болды.

2014 жылғы қараша мен 2017 жылғы маусым аралығында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы,  2018 жылғы қазанға дейін Астанада Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет етті.

Сұлтанғазиев 2018 жылғы қазаннан 2021 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы қаңтарға дейін ол Қазақстан Қаржы вице-министрі, 2022 жылғы қаңтардан маусымға дейін бірінші вице-министрі болған.[1]

2022 жылғы 11 маусымда Алматы облысының әкімі болып тағайындалған болатын.