Президент Алматы облысының әкімін тағайындады

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов 29 қазан 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану», Азаматтық авиация академиясында «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бойынша білім алған.

 2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды.

2022 жылы ҚР Президентінің Өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

2024 жылы 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған болатын.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды.