Павлодарда облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тарту дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атап айтқанда, Ақсу қаласындағы нысандардың бірінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде шетелдің бес азаматы заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, жұмыс істеген.
Жыл басынан бері осындай құқықбұзушылықтарға жол берген 104 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Александр Кузьменко.
Аталған факті бойынша шетелдік азаматтарға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушіге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.