Таразда пәтер өртеніп, құтқарушылар 79 адамды эвакуациялады

ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. 

Тараз қаласының Ұлы дала шағынауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде жиһаз өртенген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері жетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимараттан баспалдақ арқылы 79 адам, оның ішінде 23 бала эвакуацияланды.

Өрт 2 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз, ал төтенше жағдай туындаған кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.