Шығыс Қазақстанда 69 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды

Құжаттарын қолына алған Риддер тұрғыны көші-қон қызметкерлеріне жанашырлығы мен қолдауы үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Риддер тұрғыны Татьяна Владимировна ұзақ жыл бойы қазіргі үлгідегі жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Бұған дейін ол 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланған, алайда кейін құжатты жоғалтып алған. Өмірлік жағдайларға байланысты құжаттарын қайта рәсімдеу мүмкіндігі болмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жуырда Татьяна Владимировна Риддер қаласының көші-қон қызметіне жүгінген. Мамандар қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді және тиісті мемлекеттік органдарға жүгінді.

Қажетті рәсімдердің барлығы аяқталғаннан кейін, тамыз айының соңында Татьяна Владимировна Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.

Енді ол өз құқықтарын толыққанды пайдаланып, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді еш кедергісіз ала алады.

Құжаттарын қолына алған Риддер тұрғыны көші-қон қызметкерлеріне жанашырлығы мен қолдауы үшін шынайы ризашылығын білдірді.