«Әкем үйге келмесе екен деп тілейтінмін...»: Ақбота Керімбекова өміріндегі қиын кезең туралы айтты (видео)

Отбасындағы жанжалды көріп өскен бала мұндай жағдайды ұзақ уақыт ұмыта алмайды. санасында оның ізі ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

Әнші Ақбота Керімбекова отбасындағы қиын кезең туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, зорлық-зомбылық мәселесі, отбасындағы жанжалды көріп өскен бала мұндай жағдайды ұзақ уақыт ұмыта алмайды. санасында оның ізі ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

Ақбота Керімбекова өзі де мұндай жағдайды бастан өткергенін жасырмады.

"Анам менен кейін балалы болмады. Мен жалғыз қызбын. Әкем сол ұлы болмағаны үшін маған да, анама да қол көтеретін. Ол кезде баламын, ештеңе істей алмадым. Іштей қынжылатынмын. "Әкем үйге келмесе екен" деп тілейтінмін. Күндердің күнінде әкемнің басқа отбасы, баласы бар екенін естідік. Мен шыны керек, оған қуандым", - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.