Туған анасын іздеп жүрген бельгиялық Жәнібек (Мұрат Савелиев) желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдап, әр шаңыраққа береке, бірлік тілеген.
«Қымбатты, отбасым! Сендер менің отбасымсыңдар. Бүгінгі дұғам… Уа, Алла! Қазақстанымды және барша халқымды аман сақтай гөр. Әр шаңыраққа береке, жүректерге тыныштық, елімізге бірлік пен бейбітшілік сыйлай гөр. Баласын сағынған ата-ананы, ата-анасын сағынған баланы бір-біріне қауыштырғайсың. Жоғалтқанын іздеп жүрген әрбір жанға үміт, сабыр және қайта қауышу бақытын нәсіп ет. Баршамызға денсаулық, мейірім мен күш-қуат бере гөр», – деп жазды ол.
Желідегі оқырман Жәнібектің туған анасымен кездесуін тілеп, ізгі тілегін жолдап жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.