Қазақ тілінің цифрлық кеңістігі кеңейеді

Қазақ тілі бүгінде тек күнделікті қарым-қатынас құралы болып қана қоймай, цифрлық әлемде де қанатын кеңге жайып келеді.

Соның бір дәлелі – қазақ тілін жасанды интеллектіге бейімдеу, сапалы цифрлық қор қалыптастыру, аудио мен мәтінді тану жүйелерін жетілдіру және әлемдік білім платформаларындағы қазақша контенттің үлесін арттыруға бағытталған жобалар. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI компаниясының бірлескен бастамасы бұл бағыттағы жұмысты жаңа деңгейге көтеріп отыр.

Соның нақты нәтижелері Астанада өткен арнайы жиын­да таныстырылып, қазақ тілін цифрлық кеңістікте дамы­ту­ға бағытталған жобаның бү­гін­ге дейінгі жетістіктері сара­лан­­ды. Astana Hub-та ұйым­дас­тырылған жиынға халықаралық «Қа­зақ тілі» қоғамының пре­зи­денті Рауан Кенжеханұлы, «Қа­зақ­телеком» АҚ басқарма төра­ға­сы Бағдат Мусин, қоғам құ­рыл­тайшылары, орталық кеңес мү­шелері, депутаттар, IT-сарап­шы­лар мен тіл мамандары қа­тыс­ты. Бұл бастама Халық­ара­лық «Қазақ тілі» қоғамы мен Open­AI арасында 2025 жылғы 7 қа­рашада Вашингтонда жасал­ған келісім аясында жүзеге асып ке­леді. Жобаның негізгі мақса-ты – сапалы цифрлық контент пен сенімді деректер қорын қа­лып­тастыру арқылы үлкен тіл мо­дельдерінің қазақ тіліндегі жұ­мыс сапасын арттыру.

Жиында сөз алған «Қазақ ті­лі» қоғамының пре­зи­денті Рауан Кенжеханұлы қа­зақ тілінің жасанды интеллект дәуірінде то­лық­қанды қол­да­нылуы үшін тіл­дің бай қорын цифрлық кеңіс­тікке енгізу жет­кіліксіз еке­нін атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект қа­зақ ті­лін тек сөзбе-сөз түсініп қана қой­май, оны табиғи қол­дануы, ұлт­тық мәдени контексті ескеруі керек.

– Біз қазақ тілінің қол­даны­сы, оны зерттеу және оқыту әдіс­темесін жетілдіру мәселесін ғы­лыми ортада да, тіл жанашырлары арасында да жиі талқылай­мыз. Мемлекеттік қызмет сала­сын­да да бұл тақырып аз айтылып жүрген жоқ. Енді қазақ ті­лі­нің бизнес пен техно­ло­гия­да­ғы қолданысын кеңейтуге ерекше мән беруіміз керек. Кез кел­ген қолға алынған іс жолда қа­лып қоймай, тұрақты дамып, нәтижелері өсіп келеді. Осы бағытта OpenAI компаниясымен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Жұмыс барысында оларға қазақ тіліндегі үлкен кө­лем­дегі деректер қажет болды. Оның ішінде мәтіндер, аудиофайлдар және басқа да материал­дар бар. Біз осы жұмысты өз мой­нымызға алдық. Техникалық тілмен айтқанда, 10 млрд-тан астам токен жиналды. Олардың қатарында қазақ тіліндегі сан алуан мәтіндер, аудиофайлдар мен суреттер бар. Енді осы деректердің негізінде ChatGPT-ді қайта оқытып жатырмыз, – деді Рауан Кенжеханұлы.

ЖИ қазақ мәдениетін қан­ша­лықты біледі?

Халықаралық «Қазақ тілі» қо­ғамы мен OpenAI ком­па­ния­сы­­ның бірлескен жобасының же­текшісі Анар Құрманжанқызы қа­зақ тілінің цифрлық қоры едә­уір кеңейгенін жеткізді. Жоба ая­сында мәтіндік корпус, аудио­деректер қоры, транскрипция мо­дельдері, Document AI және NLP құралдары әзірленіп жатыр. Сонымен қатар жасанды ин­теллектінің қазақ халқының тарихы мен мәдениетін қанша­лық­ты білетінін тексеруге ар­нал­ған арнайы бағалау жүйесі де жасалған.

– Қазақ тілінің мәтіндік кор­пусы 14 миллиард токенге жетті. Он­дағы материалдар тақырып, жанр және жас ерекшеліктері бойын­ша жіктелген. Корпусқа қа­зақ тілінің тарихи даму кезең­де­рін қамтитын мазмұнмен бірге ше­телдегі қазақ диаспорасының тіл­дік мұрасы да енгізілді. Қор бі­лім, ғылым, технология, эко­но­мика, құқық, медицина, тарих, этнография, медиа және ба­­лалар контентін түгел қам­ти­ды. Қазақ тіліндегі аудиодеректер қоры 12 мың сағатқа жетті. Барлық жазба сыртқы шу, музыка және басқа да артық дыбыс­тардан тазартылған. Сонымен қатар қазақ тіліне бейімделген транс­крипция модельдері қол­да­нысқа енгізіліп, мәтінге ай­нал­дыру дәлдігі 85%-дан 98%-ға дейін жетті, – деді Анар Құрман­жан­қызы. 

Ол қазақ тіліне арналған цифр­лық құралдардың мүм­кін­ді­гіне де тоқталып, бұл бағыт­та­ғы жұмыс тек мәтін мен дыбыс­ты жинақтаумен шектелмейтінін айтты. Спикердің айтуынша, қазақ тіліндегі мәтінді жоғары дәлдікпен танитын OCR жүйесі, газет, кітап және PDF құжат­тары­ның құрылымын ажырату, көп­бағанды беттерді дұрыс ретпен оқу, сондай-ақ деректерді та­зарту тетіктері әзірленген. Со­нымен қатар жасанды интел­лек­тінің қазақ тілінде дұрыс сөй­леуі ғана жеткіліксіз екенін, оның қазақ халқының тарихын, дәстүрін, тұрмыс-тіршілігі мен мәдени ерекшеліктерін де тү­сінуі маңызды екенін жеткізді. Осыны тексеру үшін 500 сұрақ­тан тұратын арнайы тапсырмалар жинағы әзірленген. Жоба ая­сында осының бәріне үлкен тіл­дік модельдердің білім дең­гейін бағалауға мүмкіндік бере­тін AI Evaluation Benchmark Suite атты жеке жүйе де әзірленді.

– Сұрақтар қазақ халқының та­рихы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен этнографиясына қатысты. Осы сынақтан GPT-5.6 Terra мо­делі де өтті. Оның дұрыс жауап беру көрсеткіші 35,92%-ды құ­рады. Жасанды интеллектіні тек­серуге арналған жүйеде бұдан бө­лек қазақ тіліндегі мәтінді тү­сіну, грамматиканы дұрыс қол­дану, табиғи сөйлеу, мақал-мә­тел­дер мен тұрақты тіркестерді пай­далану, аударма жасау және қауіп­сіз жауап беру қабілеті де баға­ланады. Бағалау жүйесі ағыл­шын тілінен аударылмай, қа­зақ тілінің тілдік және мәдени ерек­шеліктерін ескере отырып, ті­келей қазақ тілінде құрас­ты­рыл­ды, – деді жоба жетекшісі.

Алдағы уақытта 500 сұрақтан тұ­ратын бұл сынақ жүйесін ға­лым­дар мен зерттеушілерге қол­же­тімді ету жоспарланып отыр.

Coursera-да қазақ тілінің аясы ұлғайды

Жиында цифрлық білім беру кеңістігіндегі қа­зақ тілінің үлесі де сөз болды. Bilim Upskill компаниясының ат­қарушы директоры Әсел Мұ­ха­меджанова Coursera платформасында қазақ тілінде қолже­тім­ді курстар саны 8 мыңнан асқа­нын айтты. Бұл платфор­мада­ғы барлық курстың шамамен 40 пайы­зын құрайды. «Coursera – қазақ тілінде» жобасы 2023 жы­лы «Қазақстан халқына» қоғам­дық қорының қолдауымен бас­талған. Алғашында оған өңір­лер­дегі 25 университет қосылса, бүгінде жобаға 100 университет қатысып отыр.

– Біздің басты мақсатымыз – студенттерге әлемнің үздік уни­верситеттері мен компаниялары әзірлеген сапалы білімді қазақ тілінде алуға мүмкіндік жасау. Біз тек Алматы мен Астанамен шектелмей, барлық облысты қамтыдық. Себебі сапалы білім адамның тұратын жеріне байланысты болмауы керек. Жобаның алғашқы жылында 102 курс қа­зақ тіліне аударылып, 4,5 мыңға жуық курсқа қазақша субтитр қосылды. 2024 жылы бастамаға Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі қолдау көрсетіп, жо­баға қатысатын жоғары оқу орын­дарының саны 93-ке жетті. Сол жылы тағы 20 курс қазақ ті­ліне аударылды. 2025 жылдан бас­тап Coursera курстарына қа­зақ тіліндегі дубляж енгізілді. Сон­дай-ақ қазақ тілі платфор­ма­дағы контент аударылатын 40 тілдің қатарына қосылды. Бұл нені білдіреді? Енді қазақ тілін­дегі контентті тек біздің команда ғана аудармайды. Жаңа курстар Coursera технологиялары ар­қылы да қазақ тілінде қолже­тім­ді болады, – деді Әсел Мұха­мед­жанова.

Компания өкілінің ай­туын­ша, жобаның мақ­са­­ты курстарды қазақшаға ау­дару­мен ғана шектелмейді. Coursera курстары қазақстандық университеттердің оқу бағдар­ла­маларына енгізіліп, студент­тер­дің нәтижесі академиялық кре­дит ретінде есептеледі. Үш жыл­да 267 мыңнан астам адам ке­мінде бір курсты аяқтап, 600 мыңға жуық сертификат алған. Оның 140 мыңнан астамы қазақ тіліндегі курстар бойынша бе­рілген. Сонымен қатар Coursera курстары бойынша 211 мыңнан астам академиялық кредит есептелген. Қазір 18 отандық универ­си­теттің 40 авторлық курсы плат­формада жарияланған. Оның жартысы қазақ тілінде. Бұл курстарға 15 мыңнан астам сту­дент тіркеліп, 11 мыңнан ас­там сертификат берілген.

Технология тілге бейімделуі керек

«Қазақтелеком» АҚ бас­қар­ма төрағасы Бағдат Мусин қазақ ті­лінде жасанды интеллектіні пай­далану тиімділігі әлі де ше­шу­ді қажет ететін мәселе екенін айт­ты. Оның айтуынша, қазақ ті­лінде қойылған сұраққа жауап алу ағылшын және орыс тіл­де­рімен салыстырғанда қымбатқа тү­седі. Бұл айырмашылықты азайту үшін инфрақұрылымдық және технологиялық шешімдер қажет. Сондай-ақ қазір қазақ ті­лінде жасанды интеллектіні пай­далану тиімділігі жағынан мәселе бар. Ол мәселе мынау: қа­зақ тілінде қойылған сұраққа жауап алу ағылшын тілімен салыстырғанда үш есе, ал орыс тілімен салыстырғанда екі есе қым­батқа түседі. Сондықтан қа­зір осы айырмашылықты азай­тып, қазақ тіліндегі жасанды ин­теллектінің тиімділігін арттыру бағытында бір топ азамат жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек, ол «Қа­зақтелеком» ком­па­ния­сы­ның жа­санды интел­лек­тідегі қа­зақ ті­лінің сапасын жақ­сартуға өз үле­сін қосуға дайын екенін жеткізді. Осы рет­те Екібастұзда салынып жат­қан үлкен деректер орталы­ғы­ның мүмкіндіктерін қа­зақ тілін да­мыту үшін пай­да­лануға әзір еке­нін де жеткізді. Ол қазақ­стан­дық­тардың жаңа технологияларды тез игеретінін, бұл қазақ тілін­дегі жасанды интеллект құ­рал­да­рының сапасына да ықпал ете­ті­нін назардан тыс қалдыр­мады. 

– Қазақ халқының бір жақсы жері – біз технологияны игеру жа­ғы­нан өте икемдіміз. Кез кел­ген технологияны тез пайдаланып кетеміз. WhatsApp, Teleg­ram, қазір, міне, ChatGPT келіп жатыр. Оны құрал ретінде көп қол­дан­­ған­дықтан, сапасы да жақ­сара түседі. Күнделікті пай­да­лану­ға ChatGPT мүмкіндігі жет­кілікті. Алайда технология­лық та­қы­рып­тарды, қазақ мәде­ние­тіне қа­тысты мазмұнды немесе Абай­­дың қара сөздерін тал­дау кезінде мағына басқа жақ­қа ауытқып кетуі мүмкін. Сон­дықтан қазақ тілін терең мең­герген мамандар мен технология саласы өкіл­де­рі­нің бірлесіп жұмыс істеуі маңыз­ды. Бізде «AI-әріптес» де­ген жоба бар. Бұл әр депар­тамент­те, құжат айналымында чат-бот ретінде жұмысты меңгеріп, көмектесетін құрал болмақ. Оны біртіндеп «Са­мұрық-Қазынаның» барлық компаниясына енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ министр­лік­терге де енгізуге болады, бір­ақ бұл бағытта ЖИ министр­лігі де жұмыс істеп жатыр деп ой­лаймын. Ал біз әкімдіктерге де, министрліктерге де ұсынып көреміз, – деді Бағдат Мусин.

Жиында айтылған деректер қазақ тілінің жасанды интеллект кеңістігіндегі орны біртіндеп ны­­ғайып келе жатқанын көрсет­ті. Мамандардың пікірінше, тілдің цифрлық қорын кеңейту, оны технологияға бейімдеу және ұлттық мәдени контексті сақтай отырып дамыту – алдағы жыл­дар­дағы маңызды міндеттердің бірі. Өйткені жасанды интеллект дәуірінде тілдің өміршеңдігі оның күнделікті қолданысымен де, цифрлық жүйелердегі сапалы көрінісімен де өлшенбек.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ