Картадағы кірістің кілтипаны

Біреуге қарыз қайтару, туысыңа ақша жіберу, ортақ дастарқанға қаржы жинау немесе пайдаланылмай тұрған жеке затты сату үшін мобильді аударымдар жасау күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Қолма-қол ақша біртіндеп айналымнан шығып, тіпті шағын тұрмыстық есеп айырысудың өзі банк қосымшалары арқылы жүзеге асатын күнге жеттік.

Алайда цифрлық төлемдердің ың­ғайлылығымен бірге қоғамда алаң­даушылық та пайда болды. Мемлекеттік кірістер комитетінің Smart Data Finance аналитикалық платформасы іске қосылғаннан кейін көпшілік салық органдары картаға түскен әрбір аударымды ба­қылап, кез келген түсім үшін са­лық талап ете бастайды деп қауіп­тенді.

Qazaq Expert Club сарапшысы, қар­жыгер және салық кеңесшісі Рау­шан Тасшоинованың айтуынша, салықтық бақылаудың тех­ни­ка­лық мүмкіндіктері расында кеңей­ген. Бірақ банк картасына түс­кен ақшаның барлығы бірдей та­быс емес. Тиісінше, әрбір аударым автоматты түрде тексеруге не­месе салық есептеуге негіз бола ал­майды.

Мәселенің түйіні ақшаның кар­таға түскенінде емес, оның қан­дай мақсатпен және қан­ша­лық­ты жүйелі түрде аударыл­ға­нын­да жатыр. Бір реттік тұрмыс­тық аударым мен тауар немесе қыз­мет үшін тұрақты қабыл­да­на­тын төлемнің экономикалық си­па­ты екі бөлек.

Азаматтың картасына досы бұ­рын алған қарызын қайтаруы мүм­кін. Ата-анасы баласына не­ме­се баласы ата-анасына мате­риал­дық көмек жібере алады. От­басы мүшелері күнделікті шы­ғын­дарды өзара бөліседі. Біреу өзі­не қажет болмай қалған жиһа­зын, тұрмыстық техникасын не­ме­се басқа жеке мүлкін сатуы ық­тимал. Осындай жағдайларда кар­таға қаражат түскенімен, оның бәрін кәсіпкерлік қызметтен алын­ған кіріс деуге болмайды.

– Картаға түскен әрбір ау­дарым­ды салық салынатын табыс деп қабылдау дұрыс емес. Қаражат қарызды қайтару, сыйлық беру не­месе туыстық көмек көрсету мақ­сатында аударылуы мүмкін. Отбасы мүшелерінің өзара ақша жіберуі де күнделікті өмірде жиі кездеседі. Жеке мүлікті сатудан түс­кен қаражаттың да өзіндік құ­қықтық сипаты бар. Сондықтан аударымның жасалу фактісі ғана адамның салық төлеуге міндетті табыс алғанын дәлелдемейді, – дейді Раушан Тасшоинова.

Дегенмен «әр аударымға са­лық салынбайды» деген қағиданы кә­сіпкерлік қызметтен түсетін та­бысты жасырудың амалы ре­тін­де қабылдауға болмайды. Егер адам тұрақты түрде тауар сатып не­месе қызмет көрсетіп, ақысын же­ке картасына қабылдаса, бұл опе­рациялардың сипаты қара­пайым тұрмыстық аударымнан өзгеше болады.

Мұнда бір аударымның кө­лемінен гөрі төлем­дер­дің қай­талануы, әртүрлі адамдардан келуі және белгілі бір кезең бойы үз­дік­сіз түсуі маңызды. Шағын со­малардың өзі тұрақты түрде он­даған немесе жүздеген адамнан ке­ліп отырса, оның кәсіпкерлік қыз­метпен байланысы болуы ық­ти­мал.

Ірі сома назарға ілікпейді

Дегенмен аударымның кә­сіп­кер­лік қызметпен байланысы тек бір төлемнің көлеміне қарап анық­­­­­­талмайды. Қаражаттың қан­ша­лық­ты жиі және қанша адамнан түс­кені де ескеріледі. Ал 2026 жылдан бас­тап осы белгілерді бағалауға ау­дарымдардың жиынтық сомасы да қосылды.

Бір адамның екінші адамға ірі көлемде бір рет ақша ж­і­­­­беруі заңды әрі түсінікті мә­мі­ле­нің нәтижесі болуы мүмкін. Ке­рі­сін­ше, шағын сомалардың күн сайын түрлі адамдардан келуі жүйе­лі сауданың немесе қызмет көр­­сетудің белгісіне ұқсауы ықти­мал.

– Мәселе тек аударым сом­а­сы­ның ірі немесе шағын болуында емес. Қаражаттың қаншалықты жиі түсетіні де ескеріледі. Ақша көп­теген түрлі адамнан тұрақты түр­де келсе, операциялардың жал­пы сипаты талдануы мүмкін. Мұн­дай төлемдер тауар сату немесе қыз­мет көрсету белгілеріне ұқсаса, са­лық органдарының назарын ау­даруы ықтимал. Бұл тәсіл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға да қатысты. Адам табыс әкелетін қыз­метпен тұрақты айналысса, одан түскен кіріс заңнамада бел­гі­ленген тәртіппен көрсетілуге тиіс. Декларацияланбаған тұрақты та­быс қосымша талдаудың ныса­ны­на айналуы мүмкін, – дейді сарапшы.

Бұл талап үйінен тағам дайындап сататын, киім тігетін, жөндеу жүр­гізетін, оқыту немесе кеңес бе­ру қызметтерін көрсететін адам­дарға да қатысты болуы мүмкін. Қыз­меттің әлеуметтік желіде немесе тек таныстар арасында жар­на­малануы оның кәсіпкерлік си­па­тын өзгертпейді. Егер жұмыс жүйелі түрде табыс табуға бағыт­тал­са, азамат оның салықтық жә­не құқықтық жағын да ескеруге тиіс.

Түптеп келгенде, жаңа талап бойынша жеке картаға үш ай қатарынан әр айда 100 немесе одан да көп әртүрлі адамнан ақша түсіп, осы үш айдағы жалпы сома 1 миллион 20 мың теңгеден асса, мұн­дай операциялар кәсіпкерлік табыстың белгісі ретінде қарас­ты­рылуы мүмкін. Мысалы, қаңтар, ақ­пан және наурыз айларының әр­қайсысында кемінде 100 түрлі адам­нан ақша келіп, үш айда жи­нал­ған сома белгіленген шектен асса, банк бұл туралы салық ор­ган­дарына мәлімет береді.

Алайда бұл талапқа сәйкес кел­ген адамға бірден салық неме­се айыппұл салынбайды. Ол тек операцияларды қосымша зерделеуге негіз болады. Салық органдары ақшаның тауар немесе қыз­мет үшін төлем болғанын әлде қа­­­рызды қайтару, туыстардың кө­мегі, сыйлық немесе жеке мү­лік­ті сатудан түскен қаражат еке­нін анықтауы керек.

Сондықтан бірреттік ірі ауда­рым­нан немесе туыстар ара­сын­дағы күнделікті ақша алмасудан қауі­птенудің қажеті жоқ. Жаңа тәр­тіп, ең алдымен, жеке картасын тауар немесе қызмет ақысын тұ­рақты қабылдау үшін пайдалана­тын, бірақ табысын ресми көр­сет­пейтін адамдарды анықтауға ба­ғыт­талған.

Smart Data Finance осы опе­рация­ларды жеке-жеке бақы­лау­дан гөрі әртүрлі деректерді бір ор­та­да салыстыруға арналған. Мем­лекеттік кірістер комитетінің платформасы салықтық қатерді анықтап, әкімшілендірудің тиім­ділігін арттыруды көздейді.

Оның негізінде 74 дереккөзді біріктірген бірыңғай Big Data қой­ма­сы жұмыс істейді. Платформа 12 сервис арқылы мемлекеттік ор­гандардың, екінші деңгейлі банк­тердің және басқа ұйым­дар­дың 36 ақпараттық жүйесімен ық­палдастырылған.

Жүйеде жылжымайтын мү­лік, көлік құралдары, жер учаскелері, бағалы қағаздар, үлес­тік қатысу, лицензиялар, жеңіл­­­­діктер, еңбек шарттары мен нота­риат­тық әрекеттер туралы ақпарат жинақталады. Сондай-ақ валюта­лық бақылау аясындағы халықара­лық мәмілелер, мобильді ауда­рым­­дар және өзге қаржылық-эко­номикалық операциялар жө­нін­дегі деректер қамтылады. Осы мә­ліметтер негізінде жеке және заң­ды тұлғаларға қатысты кешенді цифрлық досье жасалады.

Платформа Big Data, жасанды интеллект, машиналық оқыту жә­не болжамды талдау технологияларын пайдаланады. Ай сайын нақты уақыт режиміне барынша жа­қын форматта шамамен 500 ана­литикалық есеп қалыптас­тыра­ды. Бірақ бұл жүйе азаматтың салығын өздігінен есептеп, оны автоматты түрде жауапкершілікке тартады дегенді білдірмейді. Оның қызметі – ауқымды ақпаратты са­лыстырып, қосымша зерделеуді қажет етуі мүмкін жағдайларды анықтау.

Табысы жоқ, мүлкі бар…

Салықтық тәуекелді көр­се­те­тін тағы бір белгі – адам­ның ресми табысы мен нақты шы­ғынының сәйкес келмеуі. Мы­салы, азаматтың ресми кірісі мүл­де көрсетілмеген немесе аз бол­ғанымен, ол қымбат жыл­жы­май­тын мүлік, көлік немесе басқа активтер сатып алуы мүмкін.

Мұндай сәйкессіздік бір­ден заңбұзушылықты біл­дірмейді. Ақша жинақтан, мұ­ра­дан, сыйлықтан, қарыздан не­ме­се мүлікті сатудан алынуы ық­ти­мал. Дегенмен қаражаттың қай­дан келгені түсініксіз болса, заң­намада табысты жанама әдіс­тер арқылы айқындау мүмкіндігі қарастырылған.

– Ресми табыс пен нақты шы­ғын арасында елеулі айыр­ма­шы­лық болса, оның себебі зерделенуі мүмкін. Мұндай жағдайда банктік шоттар, мүлік туралы ақпарат жә­не ірі сатып алулар жөніндегі мә­лі­меттер талданады. Жасалған мә­мілелер мен мемлекеттік ор­ган­дар­ға қолжетімді басқа деректер де са­лыстырылады. Сондықтан аза­мат қаражатының заңды көз­ден алын­ғанын растай алуы керек, – дей­ді қаржыгер.

Бұл жерде цифрлық бақылау азаматтың жеке өміріне ара­ласу­дың құралы ғана емес, көлеңкелі экономиканы анықтау тетігі ре­тін­де көрінеді. Алайда бақылау кү­шейген сайын мемлекеттік ор­гандардың деректерді дұрыс тү­сіндіру жауапкершілігі де артады. Өйткені ақпараттық жүйе операцияны көргенімен, адамдар ара­сындағы қарым-қатынастың мән-жайын өздігінен толық анықтай алмайды.

Бұрын азаматтар туысына ақ­ша жібергенде немесе танысына қарыз бергенде оны құжатпен рә­сімдеуге аса мән бермейтін. Қа­зір қаржылық операциялар цифр­лық із қалдыратындықтан, қа­ра­жаттың шығу тегін дәлелдейтін қара­пайым құжаттардың маңызы артып отыр.

Қарыз берілсе, қолхат немесе шарт жасаған жөн. Мүлік сатылса, са­тып алу-сату құжатын сақтау ке­рек. Банк үзінді көшірмелері мен төлем мақсаты көрсетілген тү­бір­тектер де қаражаттың сипатын түсіндіруге көмектеседі. Мұн­дай құжаттарды бірнеше жылдан кейін іздеп, қайта қалпына келтіру қиын болуы мүмкін.

– Қаражаттың шығу көзін растайтын құжаттарды алдын ала сақтап қойған дұрыс. Олардың қа­тарына шарттар, қолхаттар жә­не банктік үзінді көшірмелер кіруі мүмкін. Жеке мүлікті сату туралы құжаттар да операцияның мәнін түсіндіруге көмектеседі. Азамат салық органынан хабарлама алса, ең алдымен қандай операция сұ­рақ туғызғанын анықтауы қажет. Одан кейін тиісті түсініктеме мен қолда бар растайтын құжаттарды ұсынған жөн. Хабарлама алу автоматты түрде салық немесе айып­пұл есептелгенін білдірмейді. Ол жауапкершілікке тарту жөніндегі түпкілікті шешім болып саналмай­ды. Бұл – азаматқа белгілі бір опе­рацияның мән-жайын түсін­діруге мүмкіндік беретін рәсім, – деп түсіндірді Раушан Тасшоинова.

Цифрлық экономикада ақша аударудың өзі бұрынғыдан оңай болғанымен, қаржылық тәртіпке қойылатын талап та күшейіп ке­леді. Сондықтан бүгінгі басты қа­ғи­да қарапайым: картаға ақша түс­кенінен емес, оның шығу тегін тү­сіндіре алмаудан қауіптенген дұрыс.

Кәмила ДҮЙСЕН