VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы алыс қашықтықтағы ат жарысы – жорықтан алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандық шабандоздар мен тұлпарлар 300 шақырымдық қашықтықты төрт күн ішінде еңсеріп, командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Екінші және үшінші орындарды Қырғызстан өкілдері иеленді.
Қазақстан құрамасы сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Реимбай Қанат және Есен Ахмет өнер көрсетті.