Коронавирустың өкпені қалай зақымдайтыны белгілі болды
Коронавирустың өкпені қалай зақымдайтыны белгілі болды
Америкалық дәрігерлер коронавирустың өкпені қалай зақымдайтынын көрсетті, - деп хабарлайды GWhospital. Дереккөз мәліметінше, коронавирус жұқтырған 50 жастағы ер адамға зерттеу жүргізілген. Одан вирустың ешқандай белгілері байқалмаған. Бірақ бірнеше күннен соң ер адам әлсірей бастаған, себебі вирус оның өкпесіне жеткен.
"Бастапқыда коронавирустың белгілері байқалмайды. Бірақ кейін ол бірден өкпені зақымдайды. Артынша асқынады да тыныс алуға кедергі келтіреді. (...)", - дейді Мортман.
Видеода Covid-19 жасыл түспен белгіленген. Бұл видеоны Youtube-қа Aalap Herur-Raman есімді қолданушы жариялаған. Вирустың нақты қайда тарап жатқаны анық көрінеді дейді дәрігер. Сондай-ақ, ғалымдар коронавирустың бастапқыда тыныс алу мүшелеріне өтіп, кейін тамаққа жетіп, өкпеге дейін баратынын айтады.