Америкалық дәрігерлер коронавирустың өкпені қалай зақымдайтынын көрсетті, - деп хабарлайды GWhospital.
Дереккөз мәліметінше, коронавирус жұқтырған 50 жастағы ер адамға зерттеу жүргізілген. Одан вирустың ешқандай белгілері байқалмаған. Бірақ бірнеше күннен соң ер адам әлсірей бастаған, себебі вирус оның өкпесіне жеткен.
Видеода Covid-19 жасыл түспен белгіленген. Бұл видеоны Youtube-қа Aalap Herur-Raman есімді қолданушы жариялаған.