Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернлидің» «Бристоль Ситиге» қарсы өтетін Англия Чемпионшипінің бесінші тур ойынына арналған құрамға енген жоқ. Кездесу бүгін «Терф Мур» стадионында өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Айта кетейік, Сәтпаев бұған дейін «Мидлсброға» қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шығып, матчтың үздік ойыншысы атанған еді. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Жалпы қазақстандық футболшы осы маусымда «Бернли» сапында төрт матч өткізді.
Төрт турдан кейін «Бернли» екі ұпай жинаған, ал «Бристоль Ситидің» еншісінде жеті ұпай бар.