2024 жылғы Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Aikyn.kz Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына сілтеме жасап.
«Төртінші Олимпиадаға баруға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті барынша пайдалану үшін үлкен спорттағы мансабымды жалғастыру туралы шешім қабылдадым. Қазақта «Алтын шыққан жерді белден қаз» деген сөз бар. Менің өмірімде, менің саламда алтын шыққан жер – спорт, оның ішінде дзюдо. Дзюдода мен қолданатын әдістер бар – оны бір рет болсын, екі рет болсын қолданамын. Бұл жерде алтын бар, мен оны соңына дейін алуым керек. Маған тиесілі, маған қажет алтынды алуым керек. Өйткені мен ол үшін алтыннан да қымбат дүниені беріп жатырмын. Ол – менің денсаулығым», – деді спортшы.