«Марқакөл орман шаруашылығы» КММ аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Өрт жетуі қиын аумақта шыққан. Оны сөндіруге орман күзеті мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жұмылдырылды.
– Өртті сөндіруге барлығы 83 адам, 10 бірлік өрт сөндіру техникасы және 2 тікұшақ тартылды. Оның ішінде орман күзетінен – 76 адам мен 8 бірлік техника, ТЖМ-нен – 7 адам мен 2 бірлік техника. Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау шеңберінде тартылған тікұшақ жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.