66 жастағы ер адам 89 жастағы анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Оқиға Благовещенка ауылында болған.

Солтүстік Қазақстан облысында 66 жастағы ер адам 89 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер ұлынан картоп қазуға көмектесуін сұраған. Кейін әйелдің денесі зорлық-зомбылық белгілерімен ұлының үйінің ауласынан табылған. Болжам бойынша, оған балтамен соққы жасалған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.