Украина әскері Сочидегі үш ресейлік тікұшаққа соққы жасады

Олардың екеуі жойылып, тағы біреуі зақымданған

Украина қорғаныс күштері 4 қыркүйекте Сочи маңындағы аэродромда Ресейдің үш әскери тікұшағына соққы жасаған. Спутниктік суреттерге сәйкес, олардың екеуі жойылып, тағы біреуі зақымданған.

Жарияланған дерек бойынша, жойылған тікұшақтар – Ка-52 және Ми-28. Ал Ми-8 тікұшағы зақым алған. Бұл мәлімет спутниктік түсірілімдер арқылы анықталған.

Бұған дейін 4 қыркүйекте Сочи аумағына жаппай шабуыл жасалғаны хабарланған. Сириус кенті маңында ірі өрт шыққан, сондай-ақ мұнай базасында өрт болған. Осы шабуылдардан кейін Сочи әуежайында ұшақтарды қабылдау мен жөнелтуге уақытша шектеу енгізілген