Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған құттықтауы үшін алғыс білдірді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Мелони Тоқаевқа «жоғары бағасы мен кездесулерге әрдайым тән шынайы достығы үшін» ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, стратегиялық көзқарасы бар, болашаққа ұмтылған көшбасшымен жұмыс істеу үлкен қуаныш.
Италия премьері екі ел энергетика, аса маңызды минералдық ресурстар және жоғары білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатқанын атап өтті. Ол Қазақстан мен Италия бұл бағыттағы жұмысты екі халықтың өсіп-өркендеуі үшін жалғастыратынын жеткізді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді оның үкіметі Италия тарихындағы ең ұзақ жұмыс істеген кабинеттердің біріне айналуымен құттықтап, екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесін атап өткен