Киевте Украина және АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңі аяқталды. Кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский, АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысты.
Кушнердің айтуынша, Трамптың мақсаты – соғысты тоқтатып қана қоймай, Украинада ұзақ мерзімді бейбітшілікке жағдай жасау. Болашақ келісімдер жаңа соғыстың басталу қаупін жойып, Украинаға елді дамытуға мүмкіндік беруі тиіс.
Уиткофф келіссөздерді «мазмұнды әрі маңызды» деп бағалап, АҚШ тарапы жұмысты қанша уақыт қажет болса, сонша жалғастыруға дайын екенін айтты.
Келіссөздердің екінші кезеңіне Ұлыбритания, Франция және Германияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері қатысады.