Қостанай облысында дала өртімен 189 адам күресіп жатыр

Қостанай облысы Жітіқара ауданында дала өртеніп жатыр

Қостанай облысының Жітіқара ауданында құрғақ шөп өртеніп, өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тілсіз жау Большевик ауылының маңындағы ашық аумақта шыққан.

Өртті ауыздықтауға 189 адам мен 39 техника жұмылдырылды. Олардың қатарында ТЖМ қызметкерлері, «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС, жергілікті атқарушы органдар, «КМ» АҚ, полиция және орман шаруашылығы мамандары бар.

Өрт сөндірушілердің жұмысын қалың әрі биік шөп пен қатты жел қиындатып отыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.