«Жағдайы ауыр»: Қостанайда теміржол аумағында оқушыны тоқ соқты

Жасөспірім достарымен бірге Рудный қаласынан Қостанайға келген.

Қостанайда теміржол аумағында мектеп оқушысын тоқ соғып, ауыр электр жарақатын алды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 2013 жылы туған жасөспірім достарымен бірге Рудный қаласынан Қостанайға келген.

Мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандар теміржол жолының аумағында болған. Сол жерде оқушыны тоқ соққан.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайы ауыр екенін растады.

— Баланың жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде, қажетті ем алып жатыр, — деп хабарлады ведомство.