Қарағандыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, жолаушы қаза тапты

Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің 36 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қарағандыда Chevrolet Cobalt көлігі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға кеше, 6 қыркүйекте шамамен сағат 07:30-да К. Маркс көшесінде болған. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрларды әлеуметтік желіде жариялады.

Қарағанды облысының полициясы хабарлағандай, жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің 36 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің 36 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Полиция департаменті.