2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 4 693 теңгеге дейін өседі. Алайда барлық әлеуметтік жәрдемақы жаңа АЕК-пен есептелмейді. Кейбір төлемдерді есептеу үшін бұрынғы 4 325 теңгелік көрсеткіш қолданылмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бұған дейін Ашық НҚА сайтында 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қоғам талқылауына жарияланған болатын.
Кейбір жәрдемақылар бұрынғы күнкөріс деңгейімен есептеледі. 2027 жылы жалпы ең төмен күнкөріс деңгейі 55 173 теңге болып белгіленбек.
Алайда Әлеуметтік кодекстің 10-бабы 1-тармағының 5), 6-1) және 8) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік жәрдемақыларды есептеу үшін 50 851 теңге мөлшеріндегі көрсеткіш қолданылатыны жазылған.
Бұл санаттарға:
мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;
асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қорғау жатады.
Яғни, бұл төлемдерді есептеу кезінде 2027 жылы белгіленетін 55 173 теңгелік жаңа ең төмен күнкөріс деңгейі емес, 50 851 теңгелік көрсеткіш қолданылады.