АҚШ-та бензин бағасы тарихи рекорд жаңартты

Ел бойынша кәдімгі бензиннің орташа бағасы бір галлон үшін 4,14 долларға (шамамен 1885 теңге) жетті.

АҚШ-та Еңбек күніне арналған демалыс қарсаңында бензин бағасы рекорд жаңартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ел бойынша кәдімгі бензиннің орташа бағасы бір галлон үшін 4,14 долларға (шамамен 1885 теңге) жетті.

Associated Press мәліметінше, бұл былтырғы көрсеткіштен шамамен 1 долларға жоғары. Сондай-ақ 2012 жылы тіркелген бір галлон үшін 3,82 долларлық бұрынғы рекордтан асып түсті.

Жанармай бағасының қымбаттауына АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейінгі жағдай, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының азаюы және мұнай өңдеу зауыттарындағы қиындықтар әсер еткен.

Дизель отыны да рекордтық деңгейге жетіп, бір галлонның орташа бағасы 5,85 долларды (шамамен 2664 теңге) құрады. Бұл жүк тасымалы шығындарын арттырып, тауарлар мен жеткізу қызметтерінің қымбаттауына әсер етуі мүмкін.

АҚШ Энергетика министрлігінің болжамынша, алдағы айларда бензин бағасы төмендеуі мүмкін.