Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Отандасымыз қашықтықты 25:06 уақытта жүріп өтті.

Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының турнирі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз қашықтықты 25:06 уақытта жүріп өтті.

ҚР ҰОК мәліметінше, алтын медальді қытайлық Тин Ван жеңіп алды - 24:14. Тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжан қола жүлдеге ие болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.