Тренингке облыстық басқарушы сервистік компаниялары және мүлік меншік иелері бірлестіктері қауымдастығының төрағалары, Төтенше жағдайлар департаментінің, Ақтау қаласы әкімдігінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мамандары қатысты. Семинар барысында көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, МИБ пен басқарушы компаниялардың міндеттері мен жауапкершілігі, тұрғындармен кері байланысты күшейту, тұрғын үй қорын қауіпсіз пайдалану және заңнама талаптары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу, инженерлік желілерді қауіпсіз пайдалану, авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері және тұрғындармен тиімді коммуникация орнату мәселелері сөз болды.
Айта кетерлігі, партия жанындағы «Ақтау тұрғындары» БПҰ басты міндеттерінің бірі – тұрғындардың мәселесін тыңдап қана қоймай, олардың шешілуіне ықпал ететін тұрақты диалог алаңын қалыптастыру. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. Іс-шара аясында Құрылтай сайлауы кезінде партиямен тығыз байланыс орнатып, қолдау көрсеткен МИБ төрағаларына «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының басшысы И.Шағырбаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.
Бекбол АМАНГЕЛДІ