Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы жаңғырту жұмыстарына байланысты келушілер үшін уақытша толық жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, саябақта инженерлік инфрақұрылым мен жүргіншілер жолдары жаңартылып, аумақты көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жаңғырту кезінде тұрғындар мен қала қонақтары жақын орналасқан Flow Park демалыс орнында серуендей алады.
Саябақтың қашан қайта ашылатыны әзірге белгісіз. Алматы әкімдігі нақты мерзімді кейінірек хабарлайды.