Тележүргізуші Дана Нұржігіт актер Азамат Сатыбалдының өнерін жоғары бағалады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол актердің көрерменді сендіріп ойнайтынына тәнті болды. Тіпті, тележүргізуші қойылымнан кейін ер-азаматтарды жек көріп кеткенін жасырмады.
«Áза, Сен бәрін шын көңіліңмен, бүкіл жан-тәніңмен істейтін, сезінетін ерекше адамсың! Сүйсең-сүйесің, жек көрсең де, жақтырмасаң да, жадырасаң да… бәрі шынайы! Бүгін сенің кейіпкеріңнің кесірінен әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім, атарға оқ таппай…қандайсың Сен, а?! Мен Сені сондай құрметтеймін! Біле жүр! Назгүлге деген махаббатың үшін, оның өнеріне деген құрметің үшін! Оның өмірдегі, ана, жар ретіндегі ерлігі үшін. Тұлға ретіндегі ірілігі үшін… Сенің ата-анаңа өле өлгенше бас иіп тұрып қызмет еткенің үшін, ұстаздарыңа деген құрметің үшін… Шенеуниктің шекпенін киіп көріп,”менікі емес!”деп бас тарта алғаның үшін! Бүкіл қуат,жігеріңмен қолға алған материалды кеміріп, өзіңді жеп қоя жаздап ұйқы, күлкіден бас тартып шығармашылыққа сүңгіп кететінің үшін. Партнер ретіндегі сезімталдығың үшін», - дейді тележүргізуші.
Оның айтуынша, актер қазір нағыз бабында. Сондықтан оған шығармашылық шабыт тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.