Ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде 30 градусқа дейінгі ыстық сақталады

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

Еліміздің батысында ауа райы салқындау болады, онда жаңбыр жауады деп күтіледі,   – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +30...+32, түнде +14...+16 градус.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +31...+33, түнде +15...+17 градус.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы күндіз +33...+35, түнде +18...+20 градус. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.