Қазақстан делегациясы Грузиядағы халықаралық жастар лагеріне қатысып жатыр

Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген делегаттар да жиналды.

Қазақстанның өкілдері Грузияның Кахетия өңірінде өтіп жатқан халықаралық жастар лагеріне қатысып жатыр,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Халықаралық лагерь жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға, үздік бастамаларды зерделеуге, мәдени диалогты кеңейтуге және елдер арасындағы достық байланысты нығайтуға бағытталды.

Бағдарлама аясында қатысушылар үшін білім беру, мәдени бағыттағы іс-шаралар, кездесулер, бірлескен бағдарламалар мен экскурсиялар ұйымдастырылады. Бұл жастардың бір-бірімен жақынырақ танысып, халықаралық деңгейде байланыс орнатуына ықпал етеді.

Қазақстан делегациясы лагерьге қатысу арқылы екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты дамытып қана қоймай, Орталық Азия мен Кавказ жастарының тікелей байланысын нығайтуға мүмкіндік алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.