Шымкентте жалған құрылыс қоспаларын шығаратын жасырын цех табылды

Заңсыз өндірісте Alina Group компаниясына тиесілі Alinex Glad брендімен құрғақ құрылыс қоспалары, сондай-ақ «Қайсар» және «Крепость» кафель желімдері дайындалған.

​Шымкент қаласының Әділет департаменті Полиция департаменті және Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, заңсыз өнім шығаратын астыртын цехтың қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
​​Тексеру шаралары барысында қызметкерлер аталған тауар белгілері заңсыз басылған 860-тан астам қап контрафактілік өнімді тәркіледі.
​Бүгінде жиналған материалдар кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы («Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану») бойынша жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді.
​Өңірде контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.