PISA-2025: Қазақстан оқушыларының көрсеткіші сингапурлықтардан жоғары

Ал оқу сауаттылығы бойынша әлемдік ондыққа кіретін Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияның нәтижесімен деңгейлес.

PISA зерттеуінің нәтижесі бойынша Қазақстан оқушылары әлемнің үздік үштігіндегі білім беру жүйесінің көрсеткішімен деңгейлес екенін көрсетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
 
PISA 2025 нәтижесі бойынша Қазақстан оқушыларының білімін жетекші білім беру жүйелерінің көрсеткішімен салыстыруға мүмкіндік туды. Соның арқасында еліміздің оқушылары, әсіресе Назарбаев атындағы зияткерлік мектеп оқушылары білімдегі жетістігін айшықтай түсті.
– Мысалы, біздің оқушылар математика бойынша – 581 балл: шартты түрде 2-орын, Сингапурдан жоғары. Жаратылыстану ғылымдары – 558 балл: шартты түрде 3-орын, Сингапурдың көрсеткішіне жуық. Оқу сауаттылығы – 493 балл: әлемдік ондыққа кіретін Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияның нәтижелерімен деңгейлес.
 
Бұл салыстыру – ресми рейтинг болып саналмайды. Дегенмен ол NIS оқушыларының жоғары әлеуетін және Зияткерлік мектептерде қолданылатын білім беру тәсілдерінің нәтижелілігін айқын көрсетеді. Сонымен қатар PISA нәтижелері алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындауға, білім беру бағдарламасын одан әрі жетілдіруге және тиімді тәжірибелерді кеңінен таратуға негіз болады, – дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар  Жанғозин.
 Сонымен қатар, оқу сауаттылығы бойынша тағы бір маңызды үрдісті атап өтуге болады. 
Әнуар Қанатұлының айтуынша, ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш төмендеп жатқан кезеңде NIS 2015 жылғы деңгейін сақтап қалды. Сол кезде нәтиже 492 балл болса, бүгінде – 493 балл. Ал осы аралықта ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш 493-тен 461 балға дейін төмендеген.
Айта кетейік, NIS оқушылары PISA халықаралық зерттеуіне төртінші рет жеке іріктеме бойынша қатысты.