Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен түскен суретін жариялап, әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жазбасында сезімін жеткізген. Актер махаббат сезімін терең түсіне бастағанын айтып, жан сырын ақтарды.
«5 жылда бірінші рет, бір ай уақыт көріспедік, екеуіміз де оңай адам емес екенбіз… Тылсым сезім жек көрген сайын, естен тандырып жақсы көргізіп жіберетіні таңғалдырады… Енді мен сезім мен махаббатқа бұрынғы көзбен қарамаймын. Терең науканы дұрыстап зерттеп алмасам жарылқай бергенге жанып кетер жайым жоқ, сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым», - деп жазды Олжас Абай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.