Актер, композитор, режиссер Рамазан Амантай сыртқы келбетіне сын айтқан көрерменге жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол көрерменнен дене бітіміне емес, өнеріне баға беруді сұрады. Дегенмен артық салмағы мен денсаулығы өзін де алаңдататынын жасырмады.
«Қазақ тілінде контент жасау — мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақтың өзіне тән әзілі, өзіне тән сөзі, өзіне тән әні мен өнері болуы керек деп ойлаймын. Жақсы шықса да, қате кетсе де, мен осы тіліміздің дамуына өз еңбегімді қосып жүргенімді сезінемін. Не айтсаңыздар да, мен сіздерді жақсы көремін. Себебі менің көрерменім де, тыңдарманым да — өздеріңіз. Менің басқа аудиториям жоқ. Мен қазақша сөйлеймін. Киноларым да, әндерім де қазақ тілінде. Өйткені мен өз тілімде сөйлеп, өз тілімде өнер көрсеткім келеді. Ал сыртқы келбетіме, салмағыма байланысты сын айтатын жандарға бір ғана өтінішім бар. Салмағым үшін мені өнерден қумаңыздар. Менің денем емес, еңбегім мен өнерім бағаланса екен. Мен қателесуім мүмкін. Ұнамай қалуым да мүмкін. Бірақ қазақ тілінде өнер жасауға деген ниетімнен ешқашан ұялмаймын. Өйткені бұл — менің тілім. Бұл — менің елім. Бұл — менің өнерім», - дейді актер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.