7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир - Денис Тен Мемориалы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.
Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады. Байрақты бәсеке Halyk Arena мұз айдынында өтеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұл турнир Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өшпес із қалдырған 2014-Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.