Қазақстан халқы қыркүйек айында қанша күн демалады?

Қыркүйек айында кәсіби және басқа да мерекелер бар.

Биыл қыркүйек айында елімізде мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер тек сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл айда 8 демалыс күні және 22 жұмыс күні бар. Ал алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні бар.

Сонымен қатар қыркүйек айында кәсіби және басқа да мерекелер бар. Бұл жұмыс күндері және демалыс күндері болғанына қарамастан, аталып өтеді.

1 қыркүйек – Білім күні;

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні;

6 қыркүйек – Мұнай және газ саласы қызметкерлері күні 

13 қыркүйек – Отбасы күні 

20 қыркүйек – Аналар күні 

27 қыркүйек – Еңбек күні – Машина жасаушылар күні 

28 қыркүйек – Атом саласы қызметкерлерінің күні

30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.