Байланыс қызметін жақсарту – маңызды бағыт

Ақордада Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен мемлекеттік ор­гандардың байланыс орталықтарының жұ­мысын жетілдіру, халықпен кері бай­ла­ныс орнатудың жаңа құралдарын ен­гізу жө­нінде кеңес өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, Пре­зи­­дент Әкімшілігінің өтініштерді қарау­ды ба­қылау бөлімінің меңгерушісі, Қа­зақ­стан стратегиялық зерттеулер инс­ти­туты­ның, Бас прокуратураның, Еңбек жә­не халықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­­лігінің, Қаржы министрлігінің, Жа­санды интеллект және цифрлық даму ми­нистрлігінің құрылым­дық бөлімше­лерінің өкілдері қатысты.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының тап­­сырмасына сәйкес барлық салада цифр­лық технологиялар мен жасанды ин­­тел­лект құралдары қарқынды енгізіліп жат­қанын атап өтті.

– Президенттің елді ауқымды цифр­лан­­дыру жөніндегі бастамасы мем­ле­кеттік о­р­гандар жұмысының халықпен тиім­ді кері байланыс орнату секілді маңыз­ды ба­ғы­тын да қамтиды, – деді Ерлан Қарин.

Вице-Президент айтып өткендей, мем­­ле­кет халықпен кері байланыс ор­на­тудың ау­қымды әрі функционалды инф­ра­құры­лы­мын қалыптастырды. Мәселен, жыл сайын республика бойынша Ха­лық­қа қыз­мет көрсету орталықтары (ХҚКО) ар­қылы 30 миллионнан астам қызмет көр­­се­ті­леді, ал мемлекеттік байланыс ор­та­­лық­тары жылына 21 миллионнан ас­там қоңы­рау қабылдайды.

Сонымен қатар жүргізілген талдау нә­­ти­желері өңірлік I-Komek байланыс ор­­та­лықтарының жұмысында аймақтар ара­­сын­да айтарлықтай алшақтық бар еке­нін көрсетіп отыр. Мәселен, 2025 жы­лы аза­мат­тардан түскен 4 миллион қоңыраудың жар­тысынан астамы елор­даға тиесілі. Өңір­лік байланыс орта­лық­тарын­дағы жұ­мыс тиімділігінің төмендігі аза­маттарды күн­делікті мәселелерінің ше­шімін респуб­ли­калық e-Otinish плат­формасы арқылы із­деуге мәж­бүр­лей­ді. Соның салдарынан ақ­парат жер­гілік­ті атқарушы мемлекеттік ор­гандарға едәуір кешігіп түседі. Бұл өз ке­зегінде ха­лықты алаңдатқан өзекті мәсе­ле­­лерді ше­шу уақытына кері әсерін тигі­зеді.

– Сондықтан, ең алдымен, елордалық I-Ko­mek орталығының оң тәжірибесін өзге өңірлерге кеңінен таратып, олардың күн­­делікті мәселелерді шешу бағы­тын­дағы жұ­мысының тиімділігін арттыру қа­жет, – деді Ерлан Қарин.

Кеңес барысында мемлекеттік орган­дар­­дың өкілдері фронт-офистердің, оның ішінде е-Otinish платфор­ма­сы­ның, «111» бай­ланыс орталығының, ХҚКО-лар мен аза­маттарды қабылдау ор­та­лық­тары­ның қыз­меті туралы ақпарат берді.

– Соңғы уақытта мемлекеттік орган­дар­­дың мемлекеттік қызметтерді цифр­лан­­дыру, жаңа технологияларды мем­ле­кеттік бас­қару жүйесіне енгізу бағыт­ын­да­ғы жұ­мысы едәуір күшейді. Бүгінде мем­лекеттік ор­ган­дардың фронт-офисін бірыңғай плат­формаға біріктіру, сондай-ақ жасанды ин­теллектіге негізделген за­манауи құрал­дарды енгізу басты мін­дет­тердің біріне ай­налып отыр. Бұл аза­маттардың өтініш­те­рін қарау тиімділігін арт­тырып, Пре­зи­дент бастамалары мен аза­маттарымыздың өті­ніштерін жеде­лі­рек шешуге мүмкіндік береді, – деді Ерлан Қарин.

Вице-Президент кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар жұмы­сы­ның проактивті форматта жүргізілуін қам­­тамасыз ету және халықпен кері бай­ланыс ар­наларының жұмысын жетілдіру ба­ғы­тын­да нақты тапсырмалар берді.