Соның ішінде Атырау қаласы мен Исатай және Жылыой аудандарындағы «Үркер», «Алмалы ауылдық клубы», «Забурын», «Қара Арна» және «Денсаулық» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен басқосу ұйымдастырылды.
Жиындарда бастауыш партия ұйымдарының қызметін жүйелі ұйымдастыру, мүшелердің белсенділігін арттыру, жаңа бастамаларды қолдау және партиялық жобаларды жергілікті деңгейде тиімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар ұсынысын ортаға салып, алдағы жұмыс бағыттары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ бастауыш ұйымдардың партия мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың үнін жеткізудегі маңызды рөлі аталып өтті. Алдағы уақытта бастауыш ұйымдар жұмысы жаңа серпінмен жалғасып, партия қатары жаңа мүшелермен толыға түспек.
Бекбол АМАНГЕЛДІ