Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

Құрылтайда «Әділет» партиясы фракциясының отырысы өтіп, онда депутаттар алдағы жұмыс барысын ұйымдастыру ісін, ішкі үйлестіру мәселелерін және қызметтің негізгі бағыттарын талқылады.

Жиында Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларын заңнамалық тұрғыда сүйемелдеу, сон-дай-ақ фракцияның жүйелі жұмысын жолға қою мәселелеріне баса назар аударылды. Депутаттардың бастамаларын үйлестіруге және келісілген ұстанымдар әзірлеу ісіндегі фракция төралқасының рөліне қатысты мәселелер жеке қаралды.

Фракция жетекшісі Ербол Адаев алдағы жұмыс барысы барлық мәселені дәйекті әрі мазмұнды түрде пысықтауды талап ететінін атап өтті. Оның айтуын­ша, азаматтардың өтініштері бойынша жұмыс істеу және бейінді мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүргізу мәселесі айрықша маңызды.

Отырыс қорытындысы бойынша фракция жұмысын ұйымдастыруға, депутаттардың мемлекеттік органдар­мен өзара іс-қимыл жүргізуіне және қоғам үшін маңызды мәселелерді қа­рауға қатысты алдағы қадамдар ай­қындалды.

Бекбол АМАНГЕЛДІ