Әр бесінші қазақстандық бала тәрбиесі туралы ақпаратты желіден алады – зерттеу

Ал сауалнамаға қатысқандардың 26%-ы мұндай ақпаратты сирек, яғни айына бір реттен де аз қарайтынын айтқан.

Қазақстандықтардың 40,7%-ы отбасы өмірі мен бала тәрбиесіне қатысты ақпаратты әлеуметтік желілерден, блогтардан және YouTube-арналардан күн сайын немесе аптасына бірнеше рет алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ҚҚДИ-дің 2026 жылғы «Қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасында айтылған. Зерттеу аясында 3 мың респонденттен сауалнама алынған.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 17,2%-ы отбасы мен бала тәрбиесіне қатысты ақпаратты әлеуметтік желілерден, блогтардан және YouTube-арналардан күн сайын алады. Тағы 23,5%-ы мұндай ақпаратқа аптасына бірнеше рет жүгінеді.

Ал сауалнамаға қатысқандардың 26%-ы мұндай ақпаратты сирек, яғни айына бір реттен де аз қарайтынын айтқан.

Респонденттердің 28,6%-ы әлеуметтік желілерден, блогтардан және YouTube-арналардан отбасы өмірі мен бала тәрбиесіне қатысты ақпаратты мүлде алмайды. Тағы 4,7%-ы жауап беруге қиналған.