Михаил Шайдоров Олимпиададан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа шығады

Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетеді.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өтетін Nepela Memorial халықаралық турниріне қатысады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жарыс 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл дода  2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger Series сериясының кезеңдерінің бірі.

Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетеді. Алдын ала жарияланған қатысушылар тізіміне 29 спортшы енген.

Братиславадағы жарыс Шайдоров үшін жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық бәсеке болмақ. Қазақстандық спортшы бұған дейін 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған еді. Ақпан айында ол ерлер арасындағы жекелей сында қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды.