Лихтенштейн Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер, қоршаған орта және мәдениет министрі Сабине Монаунимен кездесуде тараптар екіжақты саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетін атап өтіп, басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды сындарлы негізде одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық дипломат сондай-ақ Лихтенштейннің Сыртқы істер басқармасының директоры Мартин Фрикпен келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды нығайту жолдарын, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және негізгі өңірлік алаңдардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және өзара мүддеге сай ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.