Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Бұл туралы Ақорда жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасап, елдің алдағы даму жоспарын айқындайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын, – деді Мемлекет басшысы.