Қарағанды облысында өткен тәулікте жалпы аумағы 200 гектарды қамтыған 8 табиғи өрт ошағы сөндірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров аудандары мен Қарағанды қаласының аумағында болған.
Қазір Шет, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында құрғақ шөп пен бұта өртенген тағы 5 ошақты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт сөндірушілерге таулы жер, ыстық ауа райы мен екпінді жел қиындық туғызып отыр.
Өртті сөндіруге 400-ден астам адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылған. Жағдай ТЖМ бақылауында.