Қазақстанда тұрғын үй саудасы азайды

Бұл шілдедегіден 3,6%, ал өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 13,5% аз.

Қазақстанда тамыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 807 мәміле тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл шілдедегіден 3,6%, ал өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 13,5% аз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп мәміле Алматыда – 7 690, Астанада – 6 398 және Қарағанды облысында – 2 825 тіркелген. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында – 277 мәміле.

Тамызда көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 27 719 мәміле жасалды. Бұл жалпы көрсеткіштің 77,4%-ын құрайды. Сұраныс бір бөлмелі пәтерлерге жоғары болған – бір айда 10 806 мәміле тіркелген.

Жеке тұрғын үйлер бойынша 8 088 мәміле жасалып, олардың саны бір айда 5,8%-ға азайды.

Жалпы 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында тұрғын үй мәмілелерінің саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға төмендеді.