Әлемнің ең бай 10 адамы анықталды

Алғашқы ондықтан француз кәсіпкері, LVMH басшысы Бернар Арно шығып қалды.

Әлемнің ең бай адамдары рейтингінде тарихта алғаш рет алғашқы он орынды түгел АҚШ азаматтары иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Bloomberg деректеріне сілтеме жасап.

Алғашқы ондықтан француз кәсіпкері, LVMH басшысы Бернар Арно шығып қалды. Оның орнына дәулеті 144 миллиард долларға бағаланған америкалық инвестор Уоррен Баффет көтерілді.

Рейтингте Илон Маск көш бастап тұр. Оның байлығы 919 миллиард долларға бағаланған. Екінші орында Google негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж – 286 миллиард доллар, үшінші орында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос – 274 миллиард доллар.

Одан кейін Сергей Брин – 266 миллиард, Майкл Делл – 245 миллиард, Марк Цукерберг – 229 миллиард, Ларри Эллисон – 208 миллиард, Дженсен Хуанг – 181 миллиард және Стив Балмер – 172 миллиард доллармен орналасқан. Ал алғашқы ондықты Уоррен Баффет түйіндейді.

 

Әлемдегі миллиардерлер саны 3 795-ке жетіп, олардың жалпы байлығы 15,1 триллион долларға бағаланды.