«Жүрегімнің тыныштығы, тірегім»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады

Желі қолданушылары актрисаның отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуін туған күнімен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жолдасына сезімін білдіріп, оған амандық тіледі. 

«Жаным, туған күніңмен! Сенің өмірімде барың – маған берілген ең үлкен сый, жүрегімнің тыныштығы мен тірегім. Отбасымыздың берекесі мен асқар таудай тірегі болып, әрдайым аман жүрші. Армандарың мен мақсаттарың биіктеп, әр қадамың сәттілікке толсын. Әрқашан күліп, жарқырап жүре бер. Мен сені әрдайым шексіз сүйемін және барлық бастамаңа тірекпін», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары актрисаның отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.